ҚАЗАҚСТАНДА АУҚЫМДЫ СПАРТАКИАДА БАСТАЛДЫ

419

Қазақстанда «Самұрық-Қазына» АҚ компаниялар тобы қызметкерлері арасында VI Спартакиада басталды. Жыл сайын жарысқа 1000-нан астам адам қатысады. Іс-шара Қордың Қазақстан жастарын қолдау мен дамытуға бағытталған «Жас Самұрық» жобасы аясында жүзеге асырылып жатыр, — деп хабарлайды kazgazeta.kz «Самұрық-Қазына «ҰӘҚ» АҚҚоғаммен байланыс және маркетингтік коммуникациялар департаментіне сілтеме жасап.

Жарыс спорттың сегіз түрі бойынша өтеді: мини-футбол, стритбол, волейбол, үстел теннисі, киберспорт (Counter-Strike 1.6), армрестлинг, шахмат және тоғызқұмалақ. Аймақтардағы іріктеу жарыстары 25 тамызға дейін жалғасады. Аймақтық іріктеу жарыстарына Қордың және 14 облыс пен республикалық маңызы бар Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларындағы компаниялар тобының қызметкерлері қатысады.

Ағымдағы жылғы қатысушылардың саны шамамен 1500 адам. Аймақтық жарыстың қорытындысы бойынша үздік спортшылар 7-8 қыркүйек күндері Нұр-Сұлтанда өтетін шешуші суперфиналда кездеседі.

«Спартакиада — жай ғана жарыс емес, бұл Қор компаниялары тобының барлық қызметкерлерін біріктіретін, корпоративтік рухты нығайтатын және салауатты өмір салтын ынталандыратын іс-шара», —деп атап өтті «Samruk-Kazyna Trust» Әлеуметтік жобаларды дамыту қорының бас директоры Дияс Әзбергенов.

Атап өткен жөн, «Самұрық-Қазына» компаниялар тобы Қазақстанның барлық кәсіпорындарынан 300 000-нан астам адамды біріктіреді. Спорттық іс-шараны «Самұрық-Қазына» АҚ компаниялар тобының атынан «Samruk-Kazyna Trust» Әлеуметтік жобаларды дамыту қоры ұйымдастырып жатыр.




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *