Атырауда таэквандодан V жазғы Спартакиада өтті

114

Атырау облысы құрамасы спартакиада қорытындысы бойынша 1 алтын, 4 күміс және 2 қола медаль еншіледі, деп хабарлайды Атырау облысының Өңірлік коммуникациядар қызметі.
Спортшы Айгүл Елубай 73 келіде Спартакиада чемпионы атанды. 46 келіде Айдана Еділбаева, 58 келіде Сағдат Жолдасбаев, 74 келіде Алмас Меллатов және +87 келіде Үмбет Шәкиев күміс жүлдеге ие болса, 67 келіде Жадыра Хайруллина және +73 келіде Майра Сүйенбекова қола жүлдеге қол жеткізді.
Айта кетейік, 3-4 тамыз күндері қаламызда таеквондодан ерлер мен әйелдер арасында Қазақстан Республикасының V жазғы спартакиада ойындары өтті. Еліміздің барлық өңірінен 100-ден астам спортшы өзара мықтыны анықтады.




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *