КӘСІП БАР ЖЕРДЕ — НӘСІП БАР

428

Түркістандық БАҚ өкілдері баспасөз конференциясынан соң бірден Солтүстік Қазақстан облысы, Мағжан Жұмабаев ауданы, Октябрьское ауылына ат басын тіреді. Бұл ауылда орта мектепте АӘД пәнінен сабақ беретін Мақсат Есжанов атты азамат тұрады. Ол мұғалімдікпен қатар, малшылықпен де айналысуда. Қазіргі таңда 10 бас іоі қара малын баққан Мақсат «Игілік» ӘКК сиыр сүтін өткізіп отыр. Бұл туралы Түркістан облысы өңірлік коммуникация қызметі хабарлайды.

 М.Жұмабаев ауданының сұлу табиғаты ауыл шаруашылығына өте қолайлы болғандықтан, бұл өңірге оңтүстіктен көшіп келетін көпшілік мал ұстап, егінмен айналысқанды жөн көреді. Түркістан облыстық қоғамдық даму басқармасының ұйымдастыруымен өтіп жатқан ақпараттық тур аясында «Сулышоқ» ауылына келген журналистер қауымы  «Жәнібек» шаруа қожалығының жұмысымен танысты. Күнгейліктерді халқы тығыз қоныстанған өңірден солтүстік өңірге көптеп тарту мақсатында «Жәнібек» шаруа қожалығының басшысы Жәнібеков Қайрат Сапарғалиұлы 4 баспана салуда.

Келесі жылға тағы да 5 үй салу жоспарда бар. Қазір бұл ауылда  ауыл шаруашылығымен айналысатын 4 жанұя жаңадан салынып жатқан үйлерге көшіп баруға дайын.

Петропавл қаласында жаңадан ашылған «Қытай емдеу орталығының» иесі Мөлдір Ізтілеуованың жолдасы — дәрігер. Бұл отбасы СҚО-на 2016 жылы Ордабасы ауданы, Шұбарсу елдімекенінен көшіп келген.  Қазір күйеуі екеуі Қызылжар қаласынан Қытай емдеу орталығын ашыпты.

Қазіргі кезде Солтүстік Қазақстан облысында 1000-нан астам бос жұмыс орындары бар. Қоныс аударуға ниет білдірген азаматтармен консультация жүргізу кезінде бірінші кезекте, мамандығы  бойынша бос орындар немесе балама түрі ұсынылады. Сонымен қатар қоныс аударушылар өздері жұмысқа орналаса алады.




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *