Қазақстандағы Халықаралық армия ойындары тікелей эфирден көрсетіледі

493

Бүгін Жамбыл облысындағы «Отар» 40-шы әскери база полигонында 2019-Халықаралық армия ойындары басталады. Әскери жарыс әуесқойлары мен барлық көрермендер ойындардың ашылу рәсімін тікелей эфирден тамашалай алады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Онлайн-трансляция Қорғаныс министрлігінің сайтында mod.gov.kz, Qazsport телеарнасында, inform.kz, zakon.kz порталдары мен 24.kz. youtube-каналында жүргізіледі. Салтанатты ашылу рәсімі Нұр-Сұлтан қаласының уақытымен сағат 11.00-де басталады.

«Тікелей эфирден «Артиллериялық ату шебері» конкурсын да көруге болады. Көрермендерді қызықты жарыстар күтіп тұр. Брондалған тартқыштар жарысы, күндізгі және түнгі уақыттағы артиллериялық атыстар болады. Және әрине, бұл, 12 елдің командасымен сайысқа түсетін әскери қызметшілерімізге қолдау білдіру мүмкіндігі», — деді ҚР Қорғаныс министрлігінен.

Қазақстанда 2019-Халықаралық армия ойындары шеңберінде үш конкурс өтеді. Сондай-ақ, артиллерияшылар, пилотсыз ұшу, байланысшылар жарысы ұйымдастырылып отыр.




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *