Мальта чемпионын ойсырата жеңген «Астана» Еуропа лигасындағы рекордын қайталады

774

Қазақстандық «Астана» командасы Еуропа Лигасында екінші ойынды төрт гол айырмашылығымен ұтты, — деп хабарлайды Vesti.kz.

Үшінші іріктеу турының екінші ойынында астаналық клуб мальталық «Валлеттаны» 5:1 есебімен ойсырата жеңді.

Осылайша, «Астана» өз тарихында екінші рет Еуропа Лигасында төрт гол айырмашылығымен жеңіске жетіп отыр. Бірінші рет астаналықтар 2017 жылы қазанда Тель-Авивитің «Маккаби» командасын топтық раундта 4:0 есебімен ұтқан.

Айта кетейік, Чемпиондар Лигасында «Астана» бес маусымда бір рет те үлкен есеппен ұтқан емес, бірақ, екі рет өз алаңында төрт голдан салды: 2015 жылы финляндиялық ХИК қақпасына — 4:3, 2017 жылы «Селтикке» — 4:3.

Қазақстандық командалар арасындағы еурокубоктардағы ең ірі жеңіс рекорды «Қайратта», 2018 жылы алматылық клуб Еуропа Лигасының бірінші раундында андоралық «Энгордань» командасын 7:1 есебімен ұтқан.




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *