Мемлекет басшысы Қазақстан халқына жолдау жариялайды

218

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2 қыркүйек күні Қазақстан халқына жолдау жариялайды. Бұл туралы ол Twitter-дегі парақшасына жазды.

 «2 қыркүйекке жоспарланған Халыққа Жолдауымда есірткі бизнесі, педофилия, жыныстық зорлық-зомбылық және жеке тұлғаға қарсы жасалатын басқа да ауыр қылмыстарға қатысты жазалау шараларын қатаңдату жөнінде Парламентке және Үкіметке тапсырмалар жүктеледі», — деп жазды Қасым-Жомарт Тоқаев Twitter-дегі парақшасында.



ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *