Central Asia’s Got Talent жобасы 15 қыркүйектен бастап көрерменге жол тартады

756

Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан және Тәжікстан елдерінің таңғажайып өнер иелері қатысатын ауқымды Central Asia’s Got Talent жобасы 15 қыркүйектен бастап «Хабар» арнасының эфирінен көрсетіледі. Бұл туралы бүгін Алматы қаласында Ғ.Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік балалар мен жасөспірімдер театрында жоба төрешілерінің қатысуымен өткен баспасөз-конференциясында айтылды.

«Бұл жоба әлемдегі ең танымал форматтың бірі. Енді біздің аймағымызға келді. «Хабар» арнасының көрермендерін алдағы уақытта таңқалдырарлық көріністер, ғажайып өнерлерімен қызықты мега шоу күтуде. Сондықтан, барлықтарыңызды бірге тамашалауға, жобаға қатысушыларға жанкүйер болуға шақырамыз» — деді «Хабар» телеарнасының бағдарламалар директоры Айкүміс Сексенбаева.
Баспасөз-конференциясына қатысқан халықаралық төреші Ситора Фармонова: «Мен бұл жобаны соңғы жылдары үнемі көріп, бақылап отырамын. Мүмкін тағдыр шығар, шоуды тамашалаған кезде, егер мен төреші болсам мынандай шешім айтар едім деп өзімді төреші ретінде елестетіп отыратынмын. Сол ойым қабыл болып, жобаға шақыру алған кезде қатты қуандым. Бұл ең қызықты мега жоба. Қандай қызықтар болатынын алдын-ала айтпай-ақ қояйын. Оны көзбен көру керек. Өйткені, әлемдік Central Asia’s Got Talent жобасының Гиннестің рекордтар кітабына енуі де бекер емес» — деді.

Got Talent, яғни таланттарды шақыруға арналған жоба 2006 жылы Америкада жарыққа шыққан. Авторы – Сайман Коуэлл, осы уақытқа дейін лицензия арқылы әлемнің 70 елінде жүзеге асырылған.
Жобаның Орталық Азияға арналған нұсқасы 5 кезеңнен: іріктеу, ашық тыңдалым, ширек финал, жартылай финал және Гранд финалдан тұрады. Соңғы кезеңі желтоқсан айында өтеді деп жоспарланған.

Толығырақ бейнематериалдан тамашалаңыздар.

 

Нұрлан Абдуллин
Central Asia’s Got Talent жобасының халықаралық төрешісі

Гауһар Түстікбаева

Бейнематериалды әзірлеген:

Әлихан Жанарбек

 




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *