2020 жылдан зейнетақы жарналарын төлеу тәртібі өзгереді

315

2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап, жұмыс берушілерге әр қызметкердің зейнетақысы үшін тағы да 5 процент жарна аудару міндеттеліп отыр. Егер, бұған дейін қызметкердің зейнетақы қорына өз табысының 10 проценті аударылып келсе, енді оған 5 процент тағы қосылмақ. Бұл болашақ зейнетқкердің жоғары зейнетақы алуына септігін тигізетін көрінеді.

Бірақ, қызметкер зейнетке жетпей бақилық болса, ол мұрагерлеріне үлестірілмейді. Өйткені, бұл оның жеке қаражаты емес. Сондай-ақ, азаматтық келісім шартпен жұмыс істейтіндерге жұмыс беруші қосымша 5 процент жарнаны аудармайды. Бұл өз кезегінде жұмыс берушілердің көлеңкелі бизнеске көшуіне немесе қызметкерлердің айлығын қысқартуына алып келуі мүмкін.  Есен Байнұр.




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *