ҚР СІМ Гонконгтағы жағдайға байланысты мәлімдеме жасады

207

ҚР СІМ Гонконгтағы жағдайға байланысты мәлімдеме жасады, — деп хабарлайды kazgazeta.kz

«Гонконгтағы (ҚХР) жағдайдың шиеленісуіне және жаппай наразылық акцияларының жалғасуына байланысты Қазақстанның Гонконгтағы Бас консулдығы біздің азаматтарға қалада қалыптасқан төтенше жағдайды ескеруді ұсынады. Осы ретте адамдар көп жиналатын жерлерден аулақ болу, жиындарға, демонстрацияларға қатыспау, қауіпсіздік шараларын мүлтіксіз сақтау, сондай-ақ жергілікті билік органдары мен БАҚ-тың жағдайдың дамуы туралы хабарламаларын бақылау ұсынылады», – делінген ресми хабарламада.  «Гонконг әуежайында әуе рейстерінің кестеден алып тасталуы немесе кідіруі байқалады. Осыған байланысты әуежайға шығар алдында рейстің жағдайын алдын ала тексеру қажет. Төтенше жағдай туындаған жағдайда консулмен келесі номерлер арқылы дереу хабарласуларыңызды сұраймыз: +852 5689 6282, +7 778 001 6442 (What’sApp)», – деп жазады ҚР СІМ.




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *