«САМҰРЫҚ-ҚАЗЫНА» АРЫСТАҒЫ ӘЛЕУМЕТТІК НЫСАНДАРДЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫН АЯҚТАП ЖАТЫР

711

Арыс қаласындағы 68 әлеуметтік инфрақұрылым нысандарын «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ қалпына келтіруді аяқтады. Оның ішінде 64 нысан жөнделіп, 4- уі бұзылып, қайта тұрғызылды.

Бүгінгі таңда 56 нысан пайдалануға берілді, 8 нысанның жөндеу жұмыстары 20 тамызға дейін аяқталады. Қайта қалпына келтірілген 4 нысан қыркүйек-қазан айларында пайдалануға беріледі. Олардың қатарында жәрдем және стоматологиялық бөлімдер, балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі және балабақша бар.

«Біз нысандардың жағдайын бағалап, оларды қалпына келтірумен шектеліп қалуға болмайтынын бірауыздан шештік. Сондай-ақ, ғимараттардың жақсаруын қамтамасыз ету керек. Барлық мектептер жиһазбен жабдықталып, сондай-ақ ағаш терезелер пластикалық терезелермен ауыстырылды, ескі футбол алаңның орнына  жаңа алаң құрылды және мекпетке арналған жаңа жиhаз алынды», — деді «Samruk Kazyna Construction» АҚ басқарма төрағасының бірінші орынбасары Арман Жетпісбай.

Айта кету керек, 1 шілдеде Қор қираған әлеуметтік нысандарды – 6 балабақшаны, 16 мектепті, 1 колледжді, 30 жеке меншік балабақшаны, 8 денсаулық сақтау нысанын, 4 спорт нысанын, теміржол вокзалын, даңқ алаңы мен орталық алаңын жөндеуді бастады.

«Теміржол вокзалының ғимараты 1904 жылы салынды. Осы уақытқа дейін онда жөндеу жұмыстары тек 5 рет жүргізілген, соңғы рет 2004 ж. Жобалау және жөндеу жұмыстары тиісті лицензиясы бар компаниямен бірлесіп жүзеге асырылып жатыр. Ғимаратты бастапқы қалпында сақтау үшін барлық шаралар қолданылады»,- деп атап өтті Арман Жетпісбай.

Жалпы, «Самұрық-Қазына» Арыс қаласындағы қалпына келтіру және құрылыс жұмыстарына 7  млрд. теңге бөлді. Нысандарда шатырларды, терезелерді, есіктер мен едендерді ауыстыру мен әрлеу сынды негізгі жұмыс түрлері жасалды. Жөндеу барысында жергілікті және шетелдік өндірістің материалдары пайдаланылды. Барлық қолданылған материалдар құрылыс нормаларының талаптарына сай келеді және сәйкес сапа сертификаттарына ие. Қор атынан жоба әкімшісі болып «Samruk Kazyna Construction» АҚ бекітілді.

Айта кеткен жөн, 13 шілдеде «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ басқарма төрағасы Ахметжан Есімов Арыс және Түркістан қалаларында болды. Құрылыс жұмыстарының барысымен танысқан Қор басшысы жұмысты жоспарға сәйкес уақытылы жүргізуді тапсырды. Қазақстан Республикасының Президенті Қ.Тоқаев пен Үкіметтің тапсырмасы бойынша Қор Арысты қалпына келтіруге белсене қатысты.

 

«Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ

Қоғаммен байланыс және

маркетингтік коммуникациялар

жөніндегі департаменті




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *