Ерлан Қожағапанов Алматы әкімінің орынбасары болып тағайындалды

135

Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаевтың өкімімен және Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің келісімімен Ерлан Қожағапанов қала әкімінің орынбасары қызметіне тағайындалды, деп хабарлады Қазақпарат агенттігі.

Е.Қожағапанов 1968 жылы туған. 1992 жылы Қарағанды мемлекеттік университетін «Экономика» мамандығы бойынша бітірді. 1999 жылы — Алматы мемлекеттік университеті «Қаржы» мамандығы бойынша. 2006 жылы РФ Мемлекеттік кеден комитетінің Ресей кеден академиясын «Заңгер» мамандығы бойынша бітірді. 1987-1989 жылдары КСРО Қарулы Күштерінде қызмет етті. 990 жылдан 1994 жылға дейін — кәсіпкерлікпен айналысқан. 1994 жылдан 2007 жылға дейін — мемлекеттік органдар мен кәсіпорындарда жұмыс істеді. 2007 жылдан 2013 жылға дейін — Астана қаласы әкімінің орынбасары. 2013 жылдан бастап 2016 жылға дейін — Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігінің төрағасы және Қазақстан Республикасы футбол федерациясының президенті. 2016 жылдан 2017 жылға дейін — Қазақстан Республикасы премьер-министрінің кеңесшісі. 2017 жылдан бастап — Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт вице-министрі қызметінде болған.

 




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *