Біржан Нұрымбетов еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі болып тағайындалды

403

Біржан Нұрымбетов еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі болып тағайындалды, — деп хабарлайды Kazgazeta.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

«Біржан Бидайбекұлы Нұрымбетов Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі болып тағайындалсын», — делінген Жарлықта.

Біржан Нұрымбетов — 1968 жылы 19 наурызда Жамбыл облысы Луговой ауданы Абай атындағы ұжымшарда туған. Қазақ. Анасы — Тұяқбаева Тамара Әлімқызы, зейнеткер, ауылдық орта мектепте математика мұғалімі болған. Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің «Механика және қолданбалы математика» факультетін (1993) механик, математик-қолданбашы мамандығы бойынша; Алматы экономика және статистика академиясының «Қаржы» факультетін (2006) қаржы мамандығы бойынша бітірген. Қазақ және орыс тілдерін біледі.

«Нұр Отан» ХДП мүшесі (2008 жылдан). 1993 жылдан — Жамбыл қаласы Салық инспекциясы салық инспекторы, ҚҚС бөлімінің бастығы, салық төлву шілермен жұмыс және ұйымдастыру жұмысы бөлімінім бастығы. 1996 жылдан — Жамбыл облысы әкімінің біріііпи орынбасарының кеңесшісі. 1997 жылдың наурызынан — Жамбыл облысы әкімі аппаратының халықты әлеуметтік қорғау секторының меңгерушісі. 1997 жылдың тамызынан — Мемлекеттік зейнетақы төлеу орталығы Жамбыл облыстық филиалының директоры; 2008 жылдан — ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Бақылау және әлеуметтік қорғау комитетінің терағасы. 2009 жылдың наурызынан — ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі қызметтерін атқарған.

«Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл» (2001), «Қазақстан Конституциясына 10 жыл» медальдарымен (2005) марапатталған. Әскери атағы — запастағы аға сержант.




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *