Атырау облысында мемлекеттік еңбек инспекциясының жедел желісі жұмыс істейді

92

Мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасының басшысы Игілік Аубакировтың айтуынша, жедел желі қызметкерлердің құқықтары бұзылу фактілеріне дер кезінде жауап қату үшін қосылған,-деп хабарлайды Атырау облысының өңірлік коммуникациялар қызметі.

И.Аубакиров еңбек инспекциясының мынадай негізгі міндеттерін атап өтті: ​ ​ ​ ​ ​ ​

— ҚР еңбек заңнамасының сақталуына мемлекеттік бақылауды қамтамасыз ету;

— Қызметкерлердің құқықтары мен еркіндіктерінің (соның ішінде, қауіпсіз еңбек жағдайларының) сақталуы мен қорғалуын қамтамасыз ету;

​- ҚР еңбек заңнамасының мәселелері бойынша қызметкерлер мен жұмыс берушілердің өтінімдерін, мәлімдемелерін, арыздарын қарау.

— Жедел желіде 1302 тез қоңырау шалу нөмірін, сондай-ақ, WhatsApp–та87719927263 нөмірін іске қостық. Солар арқылы облыстың тұрғындары өздерін қызықтыратын барлық мәселелер бойынша еркін ақыл-кеңес ала алады,- деді Игілік Аубакиров.- Түскен сигналдардың барлығына біз уақтылы жауап қатамыз.​ ​ ​ ​ ​

​Сондай-ақ, И.Аубакировтың айтуынша, қазір Теңіз кен орнында мемлекеттік еңбек инспекциясының кеңсесі ашылған. Қызметкерлер тарапынан еңбек құқықтарына қатысты сауалдар туындаған жағдайда, вахталық поселкедегі инспекторлар уақытылы жауап қата алады. ​

— Алдағы уақытта барлық ірі вахталық поселкелерде инспекторларды орналастыруды жоспарлап отырмыз,-деп ой бөлісті басқарма басшысы.-Еңбек инспекторлары жергілікті жерлерде түскен арыздардың барлығына жауап қатып отырады. Теңіз кен орнында олар өзінің тиімділігін дәлелдеп үлгірді.​ ​ ​ ​




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *