ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЖАҢА «ТҮРКІСТАН» АВТОВОКЗАЛЫНАН ҚАТЫНАЙТЫН БАҒЫТТАР

144

Түркістан қаласының оңтүстік-шығыс бөлігінен (Ынтымақ е/м маңы) Халықаралық жаңа автовокзал ашылған болатын. Қала орталығындағы көлік кептелісін азайту, экологиялық жағдайды жақсарту мақсатында 2019 жылдың 20 тамызынан бастап, төмендегі бағыттар жаңа «Түркістан» автовокзалына ауыстырылды, деп хабарлады Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі.

– «Түркістан – Шолаққорған» ША,

– «Түркістан – Сарыағаш – Абай», Арыс арқылы,

– «Түркістан – Жетісай», Арыс, Төрткүл арқылы,

– «Түркістан – Т.Рысқұлов» ША,

– «Түркістан – Ақсукент» ША,

– «Түркістан – Шаян» ША,

– «Түркістан – Темірлан» ША,

– «Түркістан – Қарақұр»,

– «Түркістан – Мырзакент»,

– «Түркістан – Шәуілдір» Қоғам арқылы,

– «Түркістан – Шәуілдір» Темір арқылы,

– «Шардара – Түркістан»,

– «Кентау – Түркістан» ША (5 кесте),

– «Түркістан – Арыс»,

– «Түркістан – Шымкент»,

– «Түркістан – Шымкент» ША,

– «Түркістан – Жібек жолы» ША,

– «Түркістан – Кентау» ША (5 кесте),

– «Түркістан – Алматы»,

– «Түркістан – Ташкент»,

– «Түркістан – Самарқанд».   

         Сонымен қатар, төмендегі бағыттар «Яссы» автовокзалына ауыстырылды:

– «Кентау – Түркістан» ША (15 кесте),

– «Түркістан – Кентау» ША (15 кесте),

– «Түркістан – Жаңа Иқан (Кентау қ.)»,

– «Түркістан – Шаға (Кентау қ.)»,

– «Түркістан – Абай (Кентау қ.)»,

– «Түркістан – Ынтымақ (Кентау қ.)»,

– «Түркістан – Қызылорда»,

– «Түркістан – Шиелі».

         Жаңа автовокзалды қалаішілік тұрақты бағыттар желісімен байланыстыру мақсатында, қаладағы 7 тұрақты бағыттың (№1, №4, №5, №5А, №7, №10, №30, №31А) қозғалыс сызбалары осы автовокзалға дейін ұзартылды.

 




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *