Таразда алтын құрсақты аналар марапатталды

419

 Тараз қаласының әкімдігінде  36 ананы«Күміс алқамен», 11 ананы «Алтын алқамен» марапаттау салтанаты өтті, — деп хабарлайды kazgazeta.kz.

 «Қазақ халқы әрқашан отбасылық құндылықтарды жоғары қойған. Әсіресе, алтын құрсақты аналарды халқымыз ерекше қадірлейді. Отбасының алтын діңгегі болып, тағылымды тәрбие, ізгі дәстүрлер сабақтастығын жалғап жүре беріңіздер», — деді қала әкімі Қайрат Досаев аналарды марапаттау рәсімінде

Айта кетерлігі,«Алтын алқа» наградасы жыл сайын жеті және одан артық баланы, ал «Күміс алқа» алты бала тәрбиелеп өсірген аналарға беріледі.




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *