Жоғалған альпинистер әлі табылмады

648

Қазақстандық құтқарушылар Жеңіс шыңына 14 рет ұшып, жоғалған альпинистерді таба алмады, — деп хабарлайды kazgazeta.kz ҚР Қорғаныс минситрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Іздеу жұмыстары 5100 — 6000 метр биіктікте жүргізілді. Бөктерге максималды жақындау 70 метрді құрады. Іздеу-құтқару операциясының жетекшісі Василий Пивцовтың сөзінше, шолу мен тепловизоров арқылы іздеу нәтиже бермеді. Тірі адамдардың да, жансыз мәйіттердің де іздері табылмады», — делінеді хабарламада.

Жаяу іздеу операциясын жүрізу мүмкін емес, өйткені қар көшкіні қауіпі жоғары. Әскерилер қазір Қарқара лагерінде орналасқан.

4 тамызда биіктігі жеті мыңдық Жеңіс шыңын бағындыруға аттаған альпинистер Александр Чечулин, Мұрат Өтепбаев және Андрей Корнеев 15 тамызда Александр Чечулиннің ауырып қалғанын хабарлап, Абалаков маршрутымен төмен түсу жөнінде шұғыл шешім қабылдаған. Қайту кезінде олар көшкінге тап болып, жабдықтарының бір бөлігінен айырылып қалады.

Соңғы рет олар 16 тамызда байланысқа шығып, Александр Чечулиннің көз жұмғанын хабарлаған.




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *