Жетісулық көп балалы отбасылардың балаларына – жан-жақты қолдау

545

Биылғы жаңа оқу жылында Алматы облысында 18 806 көпбалалы және аз қамтылған отбасылардың 1-4 сынып балаларын ыстық тамақпен қамтамасыз етуге қосымша 450,0 млн.теңге қаржы бөлінді. Жалпы 768 мектептің 75,3%, яғни 572-сінде ыстық тамақ ұйымдастырылған. Бұл жайында бүгін Талдықорған қаласында өткен тамыз педагогикалық кеңесінде облыс әкімі Амандық Баталов айтты, — деп хабарлайды Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Кеңес барысында көп балалы және табысы төмен отбасылардың балаларына білімін жоғары оқу орындарында жалғастыруға берілетін мүмкіндіктер молайғаны атап өтілді.

— 2019 жылы облыстың еңбек нарығының қажеттіліктеріне байланысты жергілікті бюджеттен жалпы конкурсқа – 170, көп балалы және аз қамтылған отбасы балаларына жергілікті бюджеттен – 80, республикалық бюджет есебінен 540 білім беру гранттары бөлінді. Конкурстық комиссия шешімімен әкімдіктің 250 гранты, республикалық бюджеттен 331 білім беру гранты тағайындалды. Бұл жастардың сапалы әрі қолжетімді білім алуына, маман ретінде қоғамнан өз орнын табуына жасалған зор мүмкіндік деп білеміз, — деді А. Баталов.

Сонымен қатар облыстық білім басқармасының мәліметі бойынша, жалпыреспубликалық «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы аясында мектепке дайындық барысында материалдық қолдауға мұқтаж отбасыларының балаларына бір жарым айдың ішінде 140 млн. теңгенің көмегі көрсетіліп, мектеп құралдары, киім-кешек т.б. қажеттіліктер алып берілгенін атап өтуге болады.

 




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *