Мемлекет Басшысы Қарағандыдағы жаңа емхананы аралап көрді

445

Қасым-Жомарт Тоқаев Қарағанды облысына жасаған жұмыс сапарының аясында облыс орталығынан қашық аудандардың бірі – Пришахтинскідегі жаңа балалар емханасына барды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады. Жаңа медициналық мекеме бір ауысымда 300 адамды қабылдайды. Мемлекет басшысы емдеу кабинеттерін, заманауи медициналық құрал-жабдықтарды қарап көріп, дәрігерлермен әңгімелесті. Сондай-ақ, Президентке облыстың міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды (МӘМС) енгізуге дайындығы жөнінде айтылды.

 




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *