Головкиннің бапкері шәкіртінің алдағы жекпе-жегі туралы айтты

335

Геннадий Головкиннің бапкері Джонатон Бэнкс боксшының украиналық Сергей Деревянченкоға қарсы өткізетін жекпе-жегіне қатысты пікір білдірді.
Сөз арасында Бэнкс өзінің қарсыласы – Деревянченконың бапкері Андре Розье туралы да айтты. «Розьеге қарсы тұру маған да зор абырой, мен осы сөзді 15 жыл бұрын әуесқой бокста жүрген кезімде-ақ айтқанмын. Осы жігітті тек құрметтеймін. Бұл осы жекпе-жекті мен үшін Головкиннің мансабындағы ең ірі айқастардың біріне айналдырады. Мен Розьенің тарихын жақсы білемін, оның айналасында үнемі жақсы боксшылар жүрген, өйткені олар Розьенің өздерін жаңа деңгейге шығаратынын біледі. Бұл жақсы жекпе-жек болады», — деді Бэнкс. Еске салайық, Геннадий Головкин — Сергей Деревянченко айқасы 5 қазанда Нью-Йоркте Madison Square Garden аренасында өтеді. Боксшылар бірінші баспасөз мәслихатын өткізіп, көз арбасты.

Дереккөз: inform.kz




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *