Tour of Almaty-2019 көрермендерін автобус тегін тасымалдайды

343
Tour of Almaty-2019 жарысының көрермендерін автобус тегін тасымалдайтын болды.
«Тегін автобустар таңғы сағат 10:00-ден бастап Достық және Құрманғазы көшелерінің қиылысында тұрады. Соңғы автобус сағат 12:00-де жолға шығады. Автобустар 30 минут сайын немесе адам толған сәтте жүреді. Көліктерге Tour of Almaty логотипі жапсырылған. Ал кешкісін 16:30-дан бастап шаттл-бастар көрермендерді «Медеуден» қалаға тасымалдайды», — деп хабарлады федерацияның баспасөз қызметі. Федерация мәліметінше, көлік қозғалысына шектеу қойылады. Сондықтан 11:30-ға дейін келіп үлгерген жөн. Онымен қоса, Достық даңғылының «Медеуге» апаратын тұсына автокөлік қоюға тыйым салынған. Олар велошабандоздардың қозғалысына кедергі жасайды, сондықтан ол маңға көлік қойған жағдайда оларды алып тастауға тура келеді. Сол себепті көлікті «Медеудің» базалық стансасына қалдырған жөн. Еске сала кетейік, Tour of Almaty-2019 кәсіби веложарысы биыл жетінші рет — 30 және 31 тамызда өтеді. Оған велоспорттың әлемдік жұлдыздары қатысады.
Дереккөз: inform.kz



ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *