Алматыда тау фестивалі өтеді

446

Алматыда  28-31 тамыз аралығында  « IV International Mountain Festival» тау фестивалі өтеді. Шара аясында қаланың туризм нысандарын жаяу аралауға  мүмкіндік болады.

Шара қызықты бағдарламасымен ерекше болмақ:  тауға жүгіріп  шығып, төмен түсетін жарыстар, күндізгі және түнгі саяхаттар, ұлттық ойындар ұйымдастырылады. «Жібек жолы» этникалық жәрмеңкесі, шатырлы лагерлер, Алматы қаласының көрікті жерлерін аралауда назардан тыс қалмайды.  Жарысқа қатысушылар арнайы сыйлықтармен марапаталады.

2019 жылдың 28 тамызынан 31 тамызына дейін жаяу экскурсия өткізу жоспарланған.Тәжірбиелі гидтердің қатысуымен,  Алматы қаласының маңызды туристік нысандарын қамтиды.

Бағдарлама маршруты:  28 — 29 тамыз «Ой — Қарағай» — «Букреев» шыңы — «Бутаковка шатқалы» — «Кім асар шатқалы»; 29 — 30 тамыз «Кім асар» шатқалындағы бақылау алаңына  түнгі сапар; 30 тамыз, «Кім асар шатқалы» — «Бутакова шатқалы» — «Бутаковка сарқырамасы»; 30 — 31 тамыз «Кім асар шатқалы» — «Фурманов шыңы» — «Медеу».

Халықаралық тау фестиваліне  Қазақстаннан және басқа елдерден 5 мыңнан астам қонақ келеді деп күтілуде.

Фото: yvision.kz




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *