Әлеуметтік тәжірибе: Алматылықтар зиянды тағаммен тамақтану ұсынысына қалай қарайды?

580

«Аман-Саулық» қоғамдық қоры, Қазақстанда «зиянды төмендету тұжырымдамасын» алға жылжытады.  Алматы тұрғындарының дұрыс тамақтануға қатысты қаншалықты хабардар екенін анықтау үшін әлеуметтік тәжірибе өткізді.

Тәжірибе бойынша бойжеткен қыз хот-дог, бургер, шоколадты батончик өнімдерін өтіп бара жатқан адамдарға  «ЗИЯНДЫ ТАҒАМНАН» дәм татуды ұсынады, өнімнің бетінде астың зияны туралы ақпарат көрсетілген арнайы бирка бекітілген.

Тәжірибеге қатысқан көпшіліктің пікірі бір ортадан шықты,   30 адамның 28-і бургердің зияны туралы ақпаратына қарамастан жеуге дайын болды. Тек 2 адам ұсыныстан бас тартып, тамақты кері қайтарды. Әлемде 2,1 миллиардтан астам адам семіздік пен артық салмақтан зардап шегеді. Ал Қазақстанда семіздікке халықтың 20% шалдыққан. Артық дене салмағының орташа таралуы: әйелдерде — 30,6%, ерлерде — 36,8%. Осы күні семіздік қазақстандық әйелдердің 27,6% — ы және ерлердің 15,9% — ында анықталған.

Бақыт Түменова, «Аман-саулық» ҚҚ президенті, дәрігер және қоғамдық денсаулық сақтау мәселелеріндегі сарапшы: «Өткізілген тәжірибенің мақсаты- қатардағы алматылықтардың «зиянды тамақтан» қаншалықты бас тартуға дайын екендерін анықтау болатын. Өкінішке орай, эксперимент, адамдар салауатты түрде тамақтану ұстанымдарын ұстамайтындарын және көпшілігі зиянды тамақтан бас тартпайтындықтарын көрсетті. Әрбір адам өз денсаулығы үшін жауапты, бірақ ол өз құмарлықтарымен бөлісуге әрдайым дайын емес. Осы ретте әрбір адамның денсаулығын сақтауға және артық салмақпен семіздіктен туындайтын аурулардың даму қаупін төмендетуге бағытталған зиянды төмендету тұжырымдамасы көмекке келеді».

«Қазақстандықтардың тамақтануға қатысты әдеттерін қалай өзгертуге болады? Бірінші кезекте, халықты ақпараттандыру және «зиянды» тыюға  үгіттеп ғана емес, дені сау азық-түліктің қолжетімділігін арттыру және олардың ассортиментін кеңейту маңызды. Алдағы уақытта семіздік проблемасы, елдің жас ұрпағы үшін әлеуметтік қауіп төндірмеуі үшін халық арасында салауатты тамақ әдеттерін қалыптастыру жөніндегі ұлттық бағдарламаны әзірлеп, енгізу қажет»,- деп толықтырды Бақыт Түменова.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы семіздікті миллиондаған адамдарды қамтитын жаһандық індет ретінде қарастырады. Дененің артық салмағы мен семіздік әлемдегі өлім-жітімнің негізгі себептерінің арасында бесінші орында тұр. Сондай- ақ, бұл қоршаған ортаның толымдылығын эстетикалық және әлеуметтік тұрғыдан қабылдау ғана емес. Артық салмақ, әсіресе семіздік, өз асқынуларымен қауіпті: олар атеросклероз, гипертония, инфаркт, инсульт, қант диабеті, асқазан-ішек патологиясы, артриттер, репродуктивті функцияның бұзылуы және басқа да көптеген аурулардың дамуын тудырады. Әсіресе балалар мен жасөспірімдер арасында семіздіктің таралу үрдісі үлкен алаңдаушылық тудырады. Бүгінгі күні бұл көрсеткіш 1970 жылға қарағанда 10 есе жоғары.

Светлана Абдрахманова 

 «Аман-саулық» ҚҚ 




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *