Қазақстан Президенті Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасын қабылдады

579

Қазақстан Президенті Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы Анар Жайылғанованы қабылдады, деп хабарлайды Ақорданың ресми сайты.

Кездесу барысында Анар Жайылғанова Қасым-Жомарт Тоқаевқа «Президенттің кадрлық резервін» жасақтаудың негізгі аспектілері жөнінде егжей-тегжейлі баяндады.

Мемлекет басшысы аталған бастаманы жүзеге асырудың ерекше маңыздылығын атап өтіп, жалпы іріктеу үдерісінің барынша ашық болуын қамтамасыз етуді және барлық мүдделі тұлғалардың онлайн-платформа арқылы қатысуына жағдай жасауды тапсырды.




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *