Димаш Құдайберген Татарстан президентімен кездесті

851

Бұл туралы  әнші өзінің Instagram парақшасында: «Қазанда 45-ші WorldSkills байқауының жабылу салтанатынан соң ел президенті Рустам Миннихановпен кездестік. Татарстан халқына қонақжайлылығы мен айрықша ілтипаты үшін алғыс білдіремін!» – деп жазды.

Сондай-ақ, Димаш Қазан қаласындағы хосписке арнайы кіріп, ауыр сырқатты Лейсан есімді қызбен кездесіп, жанкүйерінің арманын орындады.

Қазақстандық әнші Татарстанға «WorldSkills Kazan 2019» шарасына қатысу үшін келген болатын.




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *