Атырауға танымал кəсіпқой боксшылар келді

240

28 тамызда Атырау қаласына жергілікті «SULEIMEN Promotions» промоутерлік компаниясының танымал, кәсіпқой боксшылары Айдос Ербосынұлы мен Нұрсұлтан Жаңабаев келді, деп хабарлайды Атырау облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Айта кетейік, 14 тамызда Аустралияның Сидней қаласында Айдос Ербосынұлы мен Нұрсұлтан Жаңабаев кəсіпқой бокстан жасыл құрлықта жеңіске жеткен алғашқы қазақстандық боксшылар атанған еді. Қос боксшының да қарсыластары Аустралия елінің өкілдері болды.

Боксшы кеше Құлсары қаласында өткен «Мұнайшылар күніне» арналған концерттік бағдарламаға қатысты.




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *