КОНСТИТУЦИЯ МЕРЕКЕСІ ҚҰТТЫ БОЛСЫН!

470

Сіздерді Республикамыздың әр азаматы үшін айтулы мереке – Қазақстан Республикасының баршаңызды халқымыз үшін маңызы зор мереке – Конституция күнімен құттықтаймыз!

Қазақстан халқының бірлігіне жол бастаған Ата Заңда бекітілген республикамыздың тұғырлы қағидаттары бүгінде өзінің өміршеңдігін дәлелдеді. Қазақстан халықаралық қоғамдастықта лайықты орын алып, биік белеске көтерілгені осының айғағы. Әрбір қазақстандық келешекке керуен тартқан мемлекетіміздің тұрақты дамуының кепілі Конституцияның мемлекет пен қоғам үшін ғана емес, өзінің жеке басы мен отбасы үшін де маңыздылығын терең сезінеді. Жылдан жылға біздің басты құндылықтарымыз – Тәуелсіздігіміз, Келісім мен Бірлігіміз нығая берсін. Ел іргесі аман, келешегіміз кемел болсын! Сіздерге игілік пен бақыт, бақ-дәулет, ырыс-ынтымақ тілейміз. Қазақстанның тұрақты дамуы мен кемелденуі жолындағы еңбектеріңіз табысты, барлық бастамаларыңыз сәтті болсын!

Ізгі ниетпен, «Қазақ газеттері» ЖШС шығармашылық ұжымы




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *