Тамыз айындағы доллар бағамы

1043

Тамыз айында доллар бағамы 4 теңгеге қымбаттаған. Айдың басында 384.2 теңге болған 1 доллардың құны айдың соңында 387.55-ке дейін жеткен. Сарапшылардың пікірінше, тамыз айында доллардың құны 400 теңгеге жетпейді деген болжамы расқа айналса да, теңгенің құны біраз әлсіреген. Дегенмен, Қазақстанның қаржыгерлер қауымдастығы теңге бағамының әлі де тұрақтанатынын айтады. Жалпы соңғы үш жылғы доллар бағамын алып қарасақ, тамыз айында теңге үнемі құнсызданып, доллар шарықтап отырған. Оның себебін ешкім нақты басып айта алмайды. Америка валютасын сатып алушылар да осы айда көп болған. Сарапшылардың пікірі экономикасы шикізатқа байланған Қазақстанның төл валютасының құны туралы екіге жарылған. Жоғарыда айтып өткеніміздей, теңге бағамы тұрақталады деген пікірді бір бөлігі айтса, екіншілері доллар бағамы 400 теңгеден асып кетуі мүмкін деген болжам айтып отыр. Естеріңізде болса, былтыр қыркүйекте доллар бағамы күрт өсіп кеткен еді. Ол туралы www.kazgazeta.kz сайтында айтылған еді. Есен Байнұр. 




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *