Қарасай мен Ағынтай батыр туралы фильм жарыққа шықты

448

«567 Cinema» кинокомпаниясы «Батырлар» атты тың туындының жарық көргенін хабарлады.

Бұл туралы белгілі режиссер, сценарий жазушы Жайық Сыздықов Facebook-тегі парақшасында жазды.  Фильмнің сюжетіне Қарасай мен Ағынтай батыр туралы аңыздар астар болған. «Туынды қос батырдың аты тарихта не үшін қалғаны туралы баяндайды. Ол прокатқа 28 қарашада жол тартады», — делінген жазбада. Фильмнің продюсері – Асқар Ұзабаев пен Ринат Сафаров. Сценарийін жазғандар:Асқар Ұзабаев, Жайық Сыздықов, Ғазиз Насыров, Мұхамед Мамырбеков және Шыңғыс Абланов.

Дереккөз: Қазақпарат




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *