Елімізде өнеркәсіп өнімдердің бағасы қымбаттады

891

Өнеркәсіптік өнімдердің бағасы ағымдағы жылдың сегіз айында  3,1% қымбаттады.

«Бағаның кен өндіру өнеркәсібінде – 3,5%, өңдеу өнеркәсібінде 4,1% жоғарылауы байқалды. Өнеркәсіптік өнімдер 3,3%, өнеркәсіптік сипаттағы көрсетілетін қызметтер 0,8% өсті. Жыл басынан бергі кезеңде өндіруші кәсіпорындар бағасы көмірге — 10,1%, металл кендеріне — 5,3%, мұнайға — 3,5%, табиғи газға — 1,6%, дизель отынына 1% жоғарылады, олардың бензинге — 9,1%, сұйытылған пропан және бутанға — 1,2% төмендеді» — делінген баспасөз хабарламасында. Сондай-ақ, қара бидай ұны — 23,8%, бидай ұны — 14,9%, күріш — 18,3%, жармалар — 12%, макарон өнімдері — 10,2%, мал еті — 8,6%, құс еті — 1,2%, нан – 6,1%, шай — 3,4%, сүт өнімдері – 3,2%, өсімдік майы бағалары — 2,6% жоғарлап, ал қанат бағасы 0,3% арзандаған.

Дереккөз: Статистика комитеті




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *