Қазақстанда 5,5 млн тонна астық бастырылды

880

3 қыркүйектегі көрсеткіш бойынша, Қазақстанда 5 млн 554,9 мың тонна астық бастырылды.

ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің мәліметтеріне сәйкес, есептік кезеңде еліміздің диқандары 4 млн 833,7 мың га алқаптың егінін жинап, 31,7% көрсеткішке қол жеткізіп отыр. Ал орташа өнімділік гектарына 11,5 центнерді құрады. 2018 жылдың осы кезеңінде Қазақстанда 2 млн 435,1 мың га, яғни 16,2% алқаптың егіні орылып, 3 млн 308,3 мың тонна астық бастырылған болатын. Ал орташа өнімділік әр гектардан 13,6 центнер. 2019 жылы 15 млн 230,1 мың га жердің егіні жинады, ал 2018 жылы 15 млн 27,3 мың га жерде астық жиналған еді. Еске сала кетейік, 2018 жылғы астық жинау науқанының қорытындысына сәйкес, 22 млн 810 мың тонна астық бастырылды. Орташа өнімділік гектарына 15,1 центнерді құрады. Авторы Асхат Ахметбеков

inform.kz




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *