Мейрамбек Бесбаев Алматы әкімінің кеңесшісі болып тағайындалды

830

Танымал қазақстандық әнші Мейрамбек Бесбаев Алматы қаласы әкімінің мәдениет саласына бойынша штаттан тыс кеңесшісі болып тағайындалды. Бұл туралы қала басшысы Бақытжан Сағынтаев Instagram желісіндегі парақшасында жазды.

«Бүгін, Мейрамбек Бесбаевты мәдениет саласы бойынша штаттан тыс кеңесшім етіп тағайындадым», — деп жазды әкім.
Мейрамбек Беспаев 2000 жылдардың басында Сәкен Майғазиев пен Мақсат Базарбаевпен бірге «МузАРТ» триосын құрған кезде танымалдыққа ие болды. 2017 жылдың қараша айында Бесбаев өзінің шығармашылығының 30 жылдығын атап өтті.




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *