«Altai» телеарнасының директоры тағайындалды

137

 «Altai» телеарнасының директоры болып Нұртас Солтанұлы тағайындалды, — деп хабарлайды kazgazeta.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап. 

«Қазақстан» телерадиокорпорациясы басшылығының шешімімен Нұртас Солтанұлы «Қазақстан» РТРК» АҚ Шығыс Қазақстан облыстық филиалы «Altai» телеарнасының директоры қызметіне тағайындалды», -делінген хабарламада.

Нұртас Солтанұлы 2011 жылдан бастап «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасының Ресейдегі меншікті тілшісі болып қызмет атқарып келген.

 




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *