Атырауда мүмкіндігі шектеулі 200 бала тегін демалады

410
22 қыркүйек күні «Мекен» демалыс орнында ерекше балалардың отбасылары үшін мерекелік шара ұйымдастырылады, — деп хабарлайды Атырау облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі.
«Жомарт жүрек» конкурсы жеңімпаздарының қатысуымен өткен брифингте «Жыл меценаты» номинациясының жеңімпазы Айбар Жаниязов қайырымдылық шарасы туралы толығырақ айтып берді.
— Біз аймақтағы кәсіпкерлермен бірге мүмкіндігі шектеулі балаларды қуанту мақсатында демалыс ұйымдастыруды жөн көрдік. Балалар мен олардың ата-аналары жақсы тынығады деген ойдамыз.  Сонымен қатар, қайырымдылық шарасы аясында біз осы балаларға арналған арнайы тренажер құралдарын сатып алуды жоспарлап отырмыз. Алдағы уақытта да мұндай шараларды жүйелі түрде ұйымдастыратын боламыз, — деді Айбар Жаниязов.



ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *