Тұманды болжап айтуға бола ма?

647

Ауада тұманның құралуы көбінесе оның салқындау процесіне байланысты. Ауаның салқындауына қарай көп мөлшерде су буы жиналады да, ол газ тектес қалпынан сұйық тамшы қалпына ­немесе тікелей қатты-кристалды қалпына ауысады.

Жер бетіне жақын ауада су буы конденсациялауының немесе сублимациялануының нәтижесі, яғни ылғалдың аса ұсақ тамшылары яки мұз кристалдары көбейіп кеткен жағдайда ауаның тұнықтығы 1 шақырымға немесе одан да беріге түседі. Міне, осындай жағдайда тұман деп аталатын метеорологиялық құбылыс болады. Тұман тек ауа салқындағанда ғана емес, беткі қабатындағы температурасы ауа температурасынан 10 градус немесе одан да көп жылы су айдынынан қаптап бу көтерілгенде де пайда болады. Бұларды дәл осылай салқын ауа тұманы, бу тұманы деп атайды.




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *