«Аiqyn» газетінің бас редакторы тағайындалды

606

Белгілі журналист, «Болашақ» бағдарламасының түлегі Нұрмұхамед Байғара Аiqyn газетінің бас редакторы болып тағайындалды. Nur Otan партиясының хатшысы  Әлібек Әлденей газет ұжымына бас редакторды таныстырып, жұмысына сәттілік тіледі.

Нұрмұхамед Байғара бұған дейін «Qazaqstan» Ұлттық теле арнасында саяси-сараптамалық бағдарламаларды эфирге шығарып, әлеуметтік ток-шоуларды тізгіндеген тележүргізуші ретінде көрерменге жақсы танылған. Кейіннен республикалық «Egemen Qazaqstan» газеті АҚ Басқарма төрағасына кеңесшісі, бас редакторының орынбасары болды. Нұрмұхамед Байғара әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін «Саясаттану», «Болашақ» бағдарламасымен Ұлыбританияның Ланкастер университетін «Жобаларды басқару» мамандықтары бойынша тәмамдаған.  Кейін республикалық «Egemen Qazaqstan» газеті АҚ Басқарма төрағасының кеңесшісі, бас редакторының орынбасары болды. Еске сала кетсек, Мемлекет Басшысының Жарлығымен «Aiqyn» газетін басқарған Нұртөре Жүсіп Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты болып тағайындалды. «Aiqyn» республикалық қоғамдық-саяси газетінің алғашқы саны 2004 жылы 6 наурызда жарық көрген. Газеттің негізгі тақырыбы – саясат, экономика, мәдениет, спорт және қоғамдағы әлеуметтік мәселелер. 2005 жылы газет Президент сыйлығын, 2006 жылы – «Алтын жұлдыз» сыйлығын жеңіп алған.




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *