Президент Қытайдың салынатын 55 зауыты туралы ақпаратты жоққа шығарды

391

«Көрші елдің 55 ескі зауыты салынатыны туралы ақпарат – даңғаза қауесет» — деді Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің алғашқы отырысында ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев.

«Тәуелсіздік пен мемлекеттілік – бұл қастерлі құндылықтарымыз. Билік пен қоғам ең алдымен тәуелсіздікті қорғап, мемлекеттілікті нығайтуға қызмет етеді. Соңғы уақытта «Жер шетелдіктерге сатылады екен» немесе «көрші елдің 55 ескі зауыты көшіріледі», «мыңдаған шетелдік жұмыскерлер тартылады екен» деген сияқты түрлі қауесет әңгімелер тарап жүр. Халқымыз мұндай даңғаза әңгімелерге ермеуі қажет. Ондай қауесеттер адамдардың патриоттық көңіл күйін шебер пайдаланып жүрген ниеті дұрыс еместерден таралып жатыр», — деді Президент.




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *