МАҚТААРАЛДА КӘСІПКЕРЛЕРДІҢ МӘСЕЛЕЛЕРІН ШЕШУ ЖОЛДАРЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

163

Түркістан облысы әкімінің орынбасары Мырзалиев Мейіржан Иябайұлы бастаған бірқатар басқармалар мен қаржы ұйымдарының басшылары мақтааралдық кәсіпкерлермен кездесті, деп хабарлады Мақтаарал ауданы әкімінің баспасөз қызметі.

Жиынға аудан әкімі Бақыт Асанов пен орынбасарлары, ауылдық округ әкімдері мен кәсіпкерлер, шаруа қожалықтарының басшылары қатысты. Негізгі мақсаты  кәсіпкерлік саласын дамыту, берілетін несие түрлері мен пайыздық үстемелері жайында кеңінен мағлұмат беру, кәсіпкерлік субъектілерінде кездесетін қиындықтарды шешу жолдарын бірігіп талқылау болып табылатын жиын еркін форматта өтті.

Мақтааралдық кәсіпкерлер тарапынан қойылған сұрақтарға облыстық кәсіпкерлік және инвестиция тарту басқармасының және облыстық қаржы институттарының басшылары жауап берді.

Жиын барысында «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлік палатасы Мақтаарал аудандық филиалының директоры Нұргүл Пердебайқызы ауданда тері өндіру ісін қолға алу жайындағы ұсынысын айтып, берілетін несиелердің сомасын көбейту, қаржы мекемелері тарапынан шаруалар кепілге қойған жылжымайтын мүліктердің тым төмен бағалануын реттеу жайындағы өтінішін жеткізді.

 

 




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *