ОТБАСЫ КҮНІНЕ ОРАЙ «ӘЗІРЕТ СҰЛТАН» МЕШІТІНДЕ ЖАС ЖҰБАЙЛАРҒА РУХАНИ КЕШ ӨТТІІ

746

Республикалық «Әзірет Сұлтан» мешітінде 8-қыркүйек күні «Мерейлі отбасы» рухани кездесу кеші ұйымдастырылды. Айтулы шараға «Әзірет Сұлтан» мешіті ашылғалы бері некесін қидырған жас жұбайлар арнайы шақырылды.

Жоспар бойынша, 1000-нан астам жас отбасы бұл күні білікті мамандардың ақыл-кеңесін тыңдады. Осы орайда, жұбайлар арасындағы сүйіспеншілікті арттырып, бақытты отбасы болудың жолын көрсететін арнайы бүктемелер таратылды.

Сондай-ақ, мешіт басшылығының ұйымдастыруымен шараға қатысушы отбасылар арасында кіші қажылық, шипажайға жолдама, т.б түрлі сыйлықтар ойнатылды.




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *