3 млн теңгеге дейін қарызы бар барлық азаматтарға 300 мың теңге төленеді

284

Мемлекет басшысының Жарлығына сәйкес ел азаматтарының несиесін өтеу міндеттелген. Бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде Ұлттық банк төрағасының орынбасары Олег Смоляков қанша адам бұл тізімге енгені жайлы толығырақ түсіндірді.

«5 қыркүйекте Еңбек министрлігінен алынған тізімдер бойынша 20 тамыздағы жағдай бойынша 507 363 азаматқа қарыз бойынша банк пен микроқаржылық ұйымдардың теңгерімдерінде 105,17406 млрд теңге сомаға тұтынушылық кепілсіз несиелер бойынша өтеу жүзеге асырылды. Сонымен қатар, 263 525 адам – бұл жалпы санының шамамен 52%-ы, олар Жарлыққа сәйкес, әлеуметтік қиын жағдайда жүрген және 3 млн теңгеге дейін кепілсіз тұтынушылық несиелері бар, банктер мен микроқаржы ұйымдары алдындағы берешектері толық көлемде өтелді», — деді Олег Смоляков.

Жалпы, оның айтуынша, мемлекеттік қолдау өмірлік қиын жағдайға тап болған және кепілсіз тұтынушылық несиелері бар барлық қарыз алушылардың 98,4%-ын қамтыды. «Үкімет қаулысына сәйкес бұл қарыздарды өтеудің белгілі бір кезегі бар. Бірінші кезекте сыйақының ең жоғары жылдық ставкасы бар қарыздар. Екінші кезекте сыйақының негізгі борышы бойынша ең жоғары берешегі бар қарыздар. Сонымен қатар, қарыз шартын жасасудың ең ерте күні бар микрокредиттер қарыздары бойынша берешек өтеледі. Яғни 3 млн теңгеге дейін қарызы бар барлық азаматтарға 300 мың теңге төленеді», — деп тоқталды О.Смоляков. Бұдан бөлек, ол Президент Жарлығы бойынша қарызы өтелгендер тағы да несие ала алатынын мәлім етті. «Қара тізім деген ұғым жоқ. Үшінші тұлғадан жеке тұлғалардың берешегін өтеу жүргізіледі. Бұл теріс фактор болып саналады. Бұл өтеу және бұл болашақта кредит алуға кедергі келтірмейді. Яғни қарызы өтелген азаматтардың болашақта несие алу мүмкіндігіне кері әсер етпейді», — деді Ұлттық банк төрағасының орынбасары.

Дереккөз: Елорда Инфо




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *