Тұтынушыларға айтарлықтай салмақ түсірген

315

«Ақ жол» ҚДП фракциясының депутаттары Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі Руслан Ерболатұлы Дәленовқа «Астанаэнергосервис» АҚ-ның заңсыз қызметі туралы депутаттық сауал жолдады. Айта кетейік, осыған дейін партия депутаттары 2019 жылы 19 маусымда осы мәселені көтерген болатын. Бұл туралы www.parlam.kz сайтында хабарланды.

Депутаттық сауалда: «Біздің сауалға жауапты 5 шілде күні сіздің орынбасарыңыздан алдық. Бұл, өз кезегінде «Парламент және оның депутаттары» туралы Заңды бұзу болып табылады. Себебі ол Заңға сәйкес, жауапқа тікелей сауал жолданған адам жауап беруі тиіс. Бұдан басқа, «Ақ жол» фракциясы депутаттарының тікелей сұрақтарына нақты ақпарат берілген жоқ. Тек 4 қыркүйекте БАҚ-тарда Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің шешімімен аталмыш акционерлік қоғамның  жабылуы туралы ақпарат тарады. Бұл шешім қалаға жылына бір миллиард теңге көлеміндегі  қаражатты  үнемдеуге мүмкіндік беретіні анық»,-деп атап өткен.

Аталған сауалда біз  акционерлік қоғамның қызметі көп жылдар аралығында тұтынушыларға айтарлықтай салмақ түсіргенін баса айтқан болатынбыз.

Компанияның бір ғана еңбек ақысы 600 млн.теңгені құрайды. Ал бірнеше басшылардың  еңбек ақысы сыйақылар мен бонустарды есептемегенде 1,5 млн. теңгеге жеткен. Бұған қоса, кеңселер мен қызмет көліктері де бар. Бұл қаржы негізсіз тарифтерді төлеген мыңдаған тұрғындардың қалтасы есебінен «құйылған».

«Ақ жол» фракциясының депутатттары 19 маусымдағы сауалында атап өтілген делдалдың жұмысын тоқтатуды талап етті.

Жоғарады атап өтілгендей, «Ақ жол» фракциясының депутаттары:

Осы іспеттес жағдайларды барлық аймақтарда талдап, «ештеңе өндірместен» тұрғындардың  қаржысын иеленген компанияларды жабуды;

Тұрғындардың делдалдарға кеткен коммуналдық төлемдерінің бір бөлігін өтеу мәселесін қарастыруды;

Депутаттардың сауалына қисынсыз жауап берген министрлік қызметкерлерін жауапқа тартуды  сұрайды.




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *