Кезекті айқас

193

Елеусіновтің Нью-Йорктегі жекпе-жегі Қазақстанда тікелей көрсетіледі

 

Олимпияда чемпионы Данияр Елеусінов (7-0, 3 КО) келесі жекпе-жегі Қазақстанды тікелей көрсетіледі.

13 қыркүйек Madison Square Garden аренасының Hulu Theather залында Елеусінов 34 жастағы жеңілмеген америкалық боксшы Решард Хикспен (12-0-1, 6 КО) жұдырықтасады. Жартылай орта салмақтағы жекпе-жек он раундқа есептелген.

Елеусінов — Хикс кездесуі жеңіл салмақта WBC «уақытша» чемпионы титулын сарапқа салатын америклық Девин Хэйни (22-0, 14 КО) мен ресейлік Заур Абдуллаев (11-0, 7 КО) жекпе-жегінің андеркартында өтеді.

АҚШ-та өтетін бұл шоуды DAZN стриминг қызметі тікелей көрсетілімін өткізеді. Ал қазақстанда оны «Хабар» арансы трансляциялайды. Тікелей көрсетілімнің басталуы Қазақстан астанасының уақытымен 06:00.

Еске салайық, кеше Елеусінов Нью-Йорктегі бокс кешінің өзге де қатысушыларымен бірге ашық жаттығу өткізді.




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *