Нұрлан Әлімжанов Мәжілістің жаңа депутаты ретінде тіркелді

408

Актер Нұрлан Әлімжанов Мәжілістің жаңа депутаты ретінде тіркелді, — деп хабарлайды kazgazeta.kz Tengrinews.kz тілшісіне сілтеме жасап.

  «Қазақстан халқына адал қызмет етуге, Қазақстан Республикасының тұтастығы мен тәуелсіздігін нығайтуға, оның Конституциясы мен заңдарына қатаң бағынуға, депутаттың өзіме жүктелген мәртебелі міндеттерін адал атқаруға ант етемін«, — деді Әлімжанов ант беру рәсімінде. Мәжіліс спикері Нұрлан Нығматулин жаңа депутаттың тіркелгенін мәлімдеді.  «Біздің қатарымызды тағы бір депутат толықтырды. Орталық сайлау комиссиясының қаулысымен Nur Otan партиясының мүшесі Нұрлан Әлімжанов партиялық тізім бойынша Парламент Мәжілісінің депутаты болып тіркелді«, — деді төменгі палата спикері. Әлімжановтың арызы бойынша, депутаттар оны Мәжілістің әлеуметтік-мәдени даму комитетінің құрамына тағайындады.




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *