Атырауда Фариза Оңғарсынованың 80 жылдығы республика көлемінде атап өтілуде

199

Атырауда ақын Фариза Оңғарсынованың 80 жылдығына арналған республикалық көлемде «Патша – сөздің Фаризасы» атты апталық өтуде, деп хабарлайды Атырау облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Ақынның ескерткішіне гүл қою рәсімінен басталған шара Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінде жалғасты. Онда алғаш рет «Ар мен ақын» деректі фильмі көрсетіліп, «Жыр – менің жалғыз тарланым» аудио-дискінің тұсауы кесілді. Ақынның өз дауысымен өлеңдері жазылған аудио-дискіні мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, көрнекті жазушы Әнес Сарай мен Атырау Мемлекеттік университетінің профессоры Қадыр Өтегенұлы таныстырды.

Апталық аясында  «Патша – сөздің Фаризасы» атты ғылыми-практикалық конференция  өтті. Атырау облысы әкімінің орынбасары  Айгүл Әжіғалиева конференцияға арнайы қатысып, шараның маңыздылығына тоқталды.

—   Фариза Оңғарсынова Атырау топырағының төл перзенті, өңіріміздегі білімнің қара шаңырағы –Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетнің алғашқы түлектерінің бірі. Ол қарымы мол талант иесі, сөз өнерінің кемеліне жеткен суреткер. Фариза шығармашылығының бүкіл болмысын, ерекшелігін, қасиеттерін жеткізіп айту өте қиын. Қазақтың қыздар поэзиясының өсіп-өркендеуінің, биік деңгейге жетуінің айқын дәлелі де осы. Оның жырлары мәңгі жасайды, – дейді Атырау облысы әкімінің орынбасары Айгүл Әжіғалиева.




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *