Ұлттық құндылықтар – ұлт тарихының таңбасы

135

Алматы қаласы Қоғамдық даму басқармасының мемлекеттік-әлеуметтік тапсырысы бойынша «Ел-шежіре» қоғамдық қоры 2019 жылғы 11 қыркүйекте Алматы қаласының №4 қалалық кітапханасында «Ұлттық құндылықтар – ұлт тарихының таңбасы» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді.

Дөңгелек үстелдің модераторы – М.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының бас ғылыми қызметкері, жазушы, ғалым, филология ғылымдарының докторы Нұрдаулет Ақыш болды.

Дөңгелек үстелге М.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының ғылыми қызметкері Нұржұман Елеспай, қазақ радиосының дикторы, еңбек ардагері Аманжан Еңсебайұлы, Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының «Дәстүрлі музыкалық өнер» кафедрасының аға оқытушысы, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының докторанты Бағлан Бәбіжан қатысып өз пікірлерін ортаға салды.

Сондай-ақ аталған іс-шараға мемлекеттік және қоғам қайраткерлері, зиялы қауым өкілдері, тарих және этнография саласының мамандары, Алматы қаласы колледждерінің, атап айтқанда «ҚазНұр» гуманитарлық колледжінің, Алматы полиграфия колледжінің, Алматы қаржылық-құқықтық және технологиялық колледжінің 1-курс студенттері қатысты.

Дөңгелек үстелді «Рухани жаңғырудағы ұлттық мәселелер» тақырыбындағы баяндамамен Н.Ақыш ашты. Дөңгелек үстелге қатысушылар Н.Елеспай – «Қазақ қолжазбаларындағы этнографиялық мәселелер», А.Еңсебайұлы – «Қазақ шешендік өнерінің қазақ радиосында насихатталуы» таөырыптарында өз баяндамаларын жасады.

Іс-шараның соңынан қатысушылар арасында дөңгелек үстел тақырыбы бойынша «Ұлы дала елі» тарихи-танымдық ойыны өткізіліп, жеңімпаздарға марапат ретінде қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде шығарылған «Алашорда фотоальбомы» табысталды. Дөңгелек үстелдің соңында белсенділік танытқан студенттерге №4 қалалық кітапхананың оқырман кітапшалары берілді.

Сонымен қатар «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласы бойынша көрме ұйымдастырылып, көрермендердің назарына ұсынылды.




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *