Мәселе мақтадан шықты

194

Парламент Мәжілісінің депутаттары, «Nur Otan» партиясы фракциясының мүшелері Б.Оспанов пен Б.Жылқышиев Ауылшаруашылық министрі С. Омаровқа Түркістан облысы мақташыларының шитті мақтаны субсидиялауға байланысты орын алған жағдайға байланысты депутаттық сауал жолдаған. Бұл туралы parlam.kz сайты хабарлады.

Қазақстан Республикасы Ауылшаруашылық министрінің 2018 жылғы 12 шілдедегі № 297 «Қазақстан Республикасы Ауылшаруашылығы министрлігінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу» туралы Бұйрығында былай делінген:

  1. Субсидияларды төлеу келесі шарттарды сақтау арқылы жүзеге асырылады:

8)Мақта өсімдігі бойынша мақта өңдеу зауытына өткізілген  1 тонна тазартылмаған мақтаның  100 %-ы.

Бұл ретте  өткізу дерегі субсидиялаудың ақпараттық жүйесі мен электронды шот-фактуралардың өзара ақпараттық әрекеттесуі нәтижесінде дәлелденуі қажет. Сонымен, субсидия алу үшін электронды шот-фактураларды қайтарып алу, күшін жою және түзетуге  рұқсат етілмейді.

Министрліктің осылайша отандық мақта өңдеу зауыттарын шикізатпен қамтамасыз етуді көздегені құптарлық. Себебі қазақстандық тазартылмаған мақтаның едәуір бөлігін трейдер-компаниялар сатып алады.

Отандық мақта өңдеу кәсіпорындары  қазақстандық мақтаның барлық көлемін игере алады.

2018 жылдың тәжірибесі көрсеткендей, біздің зауыттар өндірілген 225 мың тонна тазартылмаған мақтаның 25 мың тоннасын диқандардан тікелей сатып алған.

Сондықтан бюджетте кепілге салынған 2,7 млрд. теңгенің 300 млн-ы тазартылмаған мақтаның өндірісін субсидиялау үшін тек 300 млн теңге игерілген. Демек, 25 мың тонна субсидияланған.

Өңдеуге жіберілгенге дейін мақта қабылдау пунктінде іріктеу мен дайындықтан өтеді. Сонымен қатар, диқандардың өндіріс көлемі аз болатындықтан, егістікке жақын орналасқан мақта қабылдау пунктіне өткізу олар үшін тиімді.

Бұған қоса, тазартылмаған мақтаны сатып алатын трейдер-компаниялар оны қазақстандық мақта өңдеу кәсіпорындарында өңдейді. Өйткені тазартылмаған мақтаны экспорттау экономикалық тұрғыдан тиімсіз.

Көріп отырғанымыздай, тазартылмаған мақтаны өндіру, тасымалдау және ұқсату Қазақстанда жүзеге асатындықтан, тазартылмаған мақтаны ел аумағынан тыс жерлерге шығарады деген қауіп жоқ.

Осылайша депутаттар, қазақстандық шитті мақтаның барлығы дерлік қазақстандық мақта өңдеу кәсіпорындарында өңделмек. Жоғарыда айтылған дәйектерді ескере отырып, абзацты баяндауды ұсынады.

 




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *