«Қайрат» каптианы мен ҚПЛ үздік бомбардирінің трансферлік құны көтеріліп кетті

194

«Қайрат» капитаны Бауыржан Исламхан және алматылық клуб форварды Адеринсола Эсеоланың трансферлік құндары өскен, — деп хабарлайды Vesti.kz.

Transfermarkt мәліметінше, 26 жастағы Исламхан 2-ден 2,4 миллион еуроға көтерілген. Қазақстандық жартылай қорғаушының құны қыста 2,3 миллион болған, алайда, маусымда 300 мыңға түскенін айта кетейік.

Оның 28 жастағы әріптесі Эсеоланың құны 2,5-тен 2,7 миллионға көтерілді. Украиналық футболшы 14 голмен ҚПЛ-дегі үздік бомбардир. Ол украиналық «Звездадан» алматылық «Қайрат» сапына өткенде құны 800 мың болған еді.

Еске салайық, «қайрат» 25 тур қорытындысы бойынша «Тобылдан» екі ұпай кемшілікпен екінші орында келеді.

26-шы тур матчтері 15 қыркүйекте (жексенбіде) өтеді. Бұл күні «Астана» — «Шахтер», «Ақтөбе» — «Атырау», «Ертіс» — «Тараз», «Тобыл» — «Оқжетпес», «Қайрат» — «Жетісу», «Ордабасы» — «Кайсар» ойнайды.




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *