«Астана» — «Манчестер Юнайтед» матчына билеттердің құны қанша?

271

«Астана» — «Манчестер Юнайтед» матчына билеттер құны белгілі болды. 

«Партизан» командасымен, голландиялық «АЗ»-мен және Англияның «Манчестер Юнайтед» футбол командасымен кездеседі.

Үш ойынға абонементтерді сату — ертең, 12 қыркүйекте елорда уақытымен 11.00-де басталады. Билеттерді «Астана» ФК ресми сайтында алуға болады.

  • Матчтар екі санатқа бөлінді, біріншісі — Манчестер Юнайтедпен болатын қожайындар алаңындағы ойын.

Бұл ойынның бағасы категориясына байланысты 4-тен 55 мыңға дейінгі бағаны құрамақ.

  • Екінші категорияға — «АЗ» және «Партизан» қомандаларымен болатын ойындары жатады, бұл матчтардың бағасы 1500-ден 12000 теңгеге дейін.

Толық баға жүйесі келесідей:

Манчестер Юнайтедпен болатын матч:

1-санаттағы билеттер — 55 000 теңге;

2-санаттағы билеттер — 40 000 теңге;

3-санаттағы билеттер — 25 000 теңге;

4-санаттағы билеттер — 16000 теңге;

5-санаттағы билеттер — 11 000 теңге;

6-санаттағы билеттер — 4000 теңге;

«АЗ» және «Партизан» қомандаларымен болатын ойында

1-санаттағы билеттер — 12 000 теңге;

2 санаттағы билеттер — 7000 теңге;

3-санаттағы билеттер — 4 000 теңге;

4-санаттағы билеттер — 3 000 теңге;

5-санаттағы билеттер — 2 000 теңге;

6-санаттағы билеттер — 1500 теңге;




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *