535

2019 жылдың 17 қыркүйегінде «Қазақ соқырлар қоғамы» ҚБ-гі көз мүгедектері арасында, Садық Кәрімбаевтың 100 жылдығы және Жақсыгелді Сейіловтың 70-жылдығына орай солист-вокалистердің республикалық конкурсын өткізеді. Конкурс мемлекеттік «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында өтеді. Конкурсқа республиканың барлық региондарынан әншілер қатысады. Шара Қазақ соқырлар қоғамының қаржылай қолдауымен ұйымдастырылады. Сонымен қатар, шара ҚР МСМ Зағип және нашар көретін азаматтарға арналған республикалық кітапханасы тарапынан қолдау алды.

Садық Кәрімбаев (1918-1975) – композитор, музыкант-әнші, ақын-жыраулар өмірін зерттеуші, Қазақ ССР-нің еңбек сіңірген әртісі (1974). Зағиптығына қарамастан, ол Біржан-сал, Ақан-Сері, Жаяу Мұса, Майра, Естай сияқты ақын-жыраулардың шығармашылығын зерттеп, жұртшылыққа насихаттаған. С. Кәрімбаевтың шығармаларын Қазақстанның халық әртістері – Р. Бағланова, Б. Төлегенова, Ж. Елебеков, Р. Қойшыбаева және басқа да әртістер өздерінің репертуарына енгізіп, орындаған.

Жақсыкелді Сейілов (1949-1997 жылы), зағип әнші-композитор, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген мәдениет қызметкері (1990).Әйгілі «Дос-Мұқасан», «Гүлдер» ансамбльдерінің ізімен «Қаракөз» вокал-аспапты ансамблі дүние келеді. Оның негізін қалаушы әрі жетекшісі Жақсыгелді Сейілов болды. Оның «Неге солай?», «Айналайын қанатым», «Жезкиік», «Кездесу» және басқа да әндері күні бүгінге дейін ән сүйер қауымның жүрегін жаулап келеді.

Конкурстың өтетін орны: «Спутник» «ҚСҚ» ҚБ-нің демалыс үйі,Талғар ауданы, Талғар қаласы, Монах шатқалы. Басталуы: 9.00.




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *