Хиуаз Доспановаға ескерткіш ашылды

571

Атырау халықаралық әуежайы алаңында Ұлы Отан соғысының ардагері, қазақтың тұңғыш ұшқыш қызы, халық қаһарманы Хиуаз Доспановаға арналған ескерткіш ашылды, — деп хабарлайды kazgazeta.kz Өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап.

Қазақтың тұңғыш ұшқыш қызына арналған ескерткіштің салтанатты ашылуына Атырау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев пен еліміздің әр өңірінен келген зиялы қауым өкілдері қатысты.

«Ел басына күн туған сәтте ер азаматтармен бірге сапқа тұрды. Мәншүк, Әлия, Хиуаз. Ешкім оларды міндеттемеді. Жүрек қалауымен елдің болашағы үшін өз өмірін құрбан етті. Қазіргі таңда Елбасының тапсырмасымен елдің даму стратегиясында көрсетілген межелердің бірегейі — әйел қауымына үлкен құрмет көрсету. Сондықтан да бүгінгі салтанатты шара барша аналарымызға, қазақ қыздарына соның ішінде бірегейі — Хиуаз Доспановаға құрмет болып табылады«, — деді Атырау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев.

Атырау Халықаралық әуежайына орналасқан ескерткіштің биіктігі -2 метр 30 сантиметр. Қоладан құйылған мүсіндік бейнесінде Хиуаз Доспанованың соғысқа аттанған бойжеткен қалпы сақталған. Еске сала кетейік, «Халық қаһарманы» 2008 жылы 20 мамырда өмірден өтті.




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *