Атырауда үлкен спорт фестивалі өтеді

380

25-27 қыркйүек аралығында Атырау қаласында «Жастар спорт фест» атты үлкен спорттық шаралар өтпек, деп хабарлады Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Бұқара халық арасында спортты насихаттауға арналған ауқымды жобада көптеген спорттық шаралар ұйымдастырылады. Тұрғындар арасында сайыстар өткізіліп, кәсіби спорт қойылымдары қойылмақ.

Фестивальдің қонағы ретінде Хабиб Нурмагомедов, Абдулманап Нурмагомедов, Ислам Махачев, Забайра Тухугов сынды әлемге әйгілі жекпе-жек шеберлері және Олимпиада ойындарының жеңімпаздары Роман Власов пен Тагир Хайбуллаев келеді. Қазақстандық танымал спортшылар арасынан Максим Раков, Сергей Морозов, Дамир Исмагулов және Шавхат Рахмоновтар бар.

Үш күнге жалғасатын фестиваль соңы «Gorilla Fighting Champioship 17» әлемдік додасымен аяқталады.




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *